12.09.2018, 23:27 4354

Біріккен Араб Имірліктері өкілдері Илемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысатындықтарын растады

Нахаян бен Мубарак Ил Нахаян Қазақстан Президентініӊ бастамасымен өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ съезі шын мәнінде түрлі дін өкілдерін біріктіретін жаһандық диалог алаӊына айналғанын және бұдан бөлек, алдағы 2018 жылғы 10-11 қазан күндері өтетін VI Астана съезіне өздерініӊ қатысуын растайтынын мәлімдеді.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктерінде болып, БАИ Толеранттылық министрі шейх Нахаян бен Мубарак Ил Нахаянмен кездесті.

Кездесу барысында дінаралық диалог пен қоғамдық келісім мәселелері бойынша екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев ішкі саяси тұрақтылық, дінаралық және этносаралық үйлесімді қамтамасыз ету мәселелері тікелей Қазақстан Республикасы Президентініӊ назарында екенін атап өтті. Сондай-ақ Біріккен Араб Имірліктерініӊөмірдіӊ барлық салаларынатөзімділік принциптерін енгізу үдерісі кешенді көзқарас екенін айтты.

Тараптар әлемніӊ түрлі өӊірлерінде мемлекет ішілік және жаһандық деӊгейдегі әр түрлі этникалық топтар мен діндер өкілдерініӊ арасындағы қақтығыстыӊ орын алуы өзара байланысы мен ынтымақтастығыныӊ әлсіреуімен тығыз байланысты екенін атады.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне тоқтала отырып, шейх Нахаян бен Мубарак Ил Нахаян Қазақстан көшбасшысыныӊ дінаралық диалогты ілгерілетудегі күш-жігерін, сондай-ақ халықаралық тұрақтылық пен түрлі қақтығыстарды реттеуді күшейтуге бағытталған өзге де бітімгершілік бастамаларын жоғары бағалады.

Осы тұрғыда, Нахаян бен Мубарак Ил Нахаян Қазақстан Президентініӊ бастамасымен өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ съезі шын мәнінде түрлі дін өкілдерін біріктіретін жаһандық диалог алаӊына айналғанын және бұдан бөлек, алдағы 2018 жылғы 10-11 қазан күндері өтетін VI Астана съезіне өздерініӊ қатысуын растайтынын мәлімдеді.

Біріккен Араб Имірліктеріне сапары аясында ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев Біріккен Араб Имірліктерініӊ Ұлттық Федеральдық Мәжілісі төрағасыныӊ бірінші орынбасары Маруан бен Глейтпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланыстардыӊ тұрақты дамуына көӊілдері толатындарын жеткізді. Министр БАИ Ұлттық Федералдық Мәжілісініӊ елдіӊ ішінде және халықаралық деӊгейде толеранттылық, конфессияаралық және дінаралық диалог идеяларын кеӊейту және нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Бұған Біріккен Араб Имірліктерініӊ діни төзбеушілік және кемсітушілікпен күресу, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес туралы заӊдары дәлел.

Сондай-ақ, министр Дубай әмірлігініӊ Ислам және қайырымдылық істері департаментініӊ Бас директоры Хамад аш-Шейбанимен кездесті. Аталған құрылым қайырымдылық қауымдастықтар мен ислам институттарына лицензия беру, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру мәселелерімен айналысады. Хамад әш- Шейбани Дархан Кәлетаевқа ағымдағы жылдыӊ 15-16 қарашасында Дубайда Халықаралық толеранттылық саммитін өткізуді ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісіп, Қазақстан делегациясыныӊ аталған саммитке қатысуына сенім білдірді. Сондай-ақ, Департамент басшысы Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ VI съезіне қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Біріккен Араб Имірліктерініӊ Бақыт Министрлігініӊ өкілдерімен кездесу барысында БАИ тарапы бұл құрылымныӊ қызметі туралы хабардар етті және Қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны