09.02.2016, 18:32 3658

Бірыӊғай байланыс орталығы EN 15838 халықаралық стандартына ие болды

Бірыӊғай байланыс орталығы, немесе баршаға 1414 атымен белгілі орталық EN 15838 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес екендігіне сертификациялаудан сәтті өтті

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Бірыӊғай байланыс орталығы, немесе баршаға 1414 атымен белгілі орталық EN 15838 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес екендігіне сертификациялаудан сәтті өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

EN 15838 халықаралық стандартына сәйкестік сертификациясы ұйымныӊ қызмет бағыты мен байланыс орталығыныӊ көлеміне қарамастан кез келген ұйымдардыӊ байланыс орталықтарында клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын растаудыӊ едәуір беделді және кәсіби жүйесі болып саналады.

Стандарт 2009 жылы Европалық стандарттар комитетімен бекітілді, ал 2011 жылы байланыс орталықтарын сертификаттау Ресей, Украина, Қазақстан және ТМД басқа елдерінде мүмкін болды. Илемдік тәжірибе көрсеткендей, басқару жүйесін EN 15838 стандарты талаптарына сәйкес құратын байланыс орталықтары компаниялардыӊ негізгі мақсаттарына жетуге әдеуір ықпалын тигізеді.

Бірыӊғай байланыс орталығы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, басты мақсаты - мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы, мысалы, мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік қызметті көрсету уақыты, баж алымыныӊ мөлшері, қызмет көрсететін орган, өтінішті қабылдайтын және дайын құжаттарды беретін ұйым туралы, байланыс деректері, қызмет көрсетушініӊ әрекеттеріне шағым жасау тәртібі және құжаттардыӊ дайын болғаны туралы ақпаратты бір жерде, бірыӊғай орында алу мүмкіндігі. Бүгінгі таӊда байланыс орталығы шамамен 700 мемлекеттік қызмет бойынша кеӊес береді.

1414 немесе 8 800 080 7777 бірыӊғай нөмірі бойынша ақпаратты алу уақытты үнемдеуге, азаматтар өмірі мен ұйымдар жұмысын жеӊілдетуге және қызмет көрсетушілер жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пайдаланушыларға 1414.kz форумы, онлайн чат, [email protected], [email protected], [email protected] электрондық пошталары бойынша ақпарат беру қарастырылған.

ҚР үкіметініӊ қаулысына сәйкес, 2015 жылдыӊ қазанынан бастап, байланыс орталығы қосылу байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін тегін болып табылатын қызмет тізіміне кіргізілді.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Бірыӊғай байланыс орталығыныӊ директоры Гүлмира Шуринаныӊ сөзінше, берілген сертификат - көрсетілетін консультациялық қызметтер сапасыныӊ жоғары стандарты мен клиенттерге қызмет көрсету процесстерініӊ халықаралық стандарттарына сәйкестігін мойындау болып табылады. "Бұл ұраны "әрбір клиентке көмек" болып табылатын байланыс орталығын құру бағытындағы үлкен қадам болып есептеледі. Сертификат бізге Байланыс орталығына жүгінген мемлекеттік қызмет пайдаланушылардыӊ сенімі мен ниеттестігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін клиентке бағытталған компания мәртебесін береді" - деп толықтырды Шурина.

Естеріӊізге салсақ, 2015 жылы Бірыӊғай байланыс орталығы ИСО 20000 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес екендігіне ресертификациядан өтті, ол қызмет көрсетудіӊ жоғары халықаралық деӊгейде көрсетілетінін дәлелдейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны