08.11.2016, 18:07 3512

Бірыӊғай дистрибьютор 114 млрд. теӊге көлеміндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды республиканыӊ 1115 медициналық ұйымына жеткізді

Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканыӊ жаӊа әдістері енгізілді. Оныӊ негізгі ерекшелігі - медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдыӊ 15-не дейін жүзеге асыру.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - "СК-Фармация" ЖШС ҚР медициналық ұйымдарын ТМККБК аясында дәрілік заттармен алдын ала қамсыздандырды, деп хабарлайды мекеме.

2016 жылы Бірыӊғай дистрибьютор арқылы Қазақстанныӊ медициналық ұйымдарына тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уақытылы әрі үздіксіз жеткізу қамсыздандырылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында "СК-Фармация" ЖШС Басқарма басшысы Нұржан Илібаев мәлімдеді.

Ол бүгінгі таӊда қараша айындағы дәрі-дәрмек қажеттілігі медициналық ұйымдарға толық көлемде жеткізілгенін хабарлады.

"15 қарашаға дейін дәрі-дәрмектердіӊ жылдық негізгі көлемі жеткізіледі, қазірде ол 93%-ға орындалды", - деп атап айтты Нұржан Илібаев.

2016 жылы Бірыӊғай дистрибьютор 114 млрд. теӊге көлеміндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды республиканыӊ 1115 медициналық ұйымына жеткізді. Аталған жағдайда бюджет қаражаты 5,4 млрд. теӊгеге үнемделді.

"СК-Фармация" ЖШС-ныӊ тарихында тұӊғыш рет 2017 жылдыӊ тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердіӊ 90% бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыӊғай дистрибьютор 2017 жылдыӊ бірінші жеткізілімін осы жылдыӊ желтоқсанында жүзеге асыруға дайын.

Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканыӊ жаӊа әдістері енгізілді. Оныӊ негізгі ерекшелігі - медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдыӊ 15-не дейін жүзеге асыру.

Сондай-ақ, "СК-Фармация" ЖШС-ныӊ ресми сайтында интерактивті анықтама жұмыс істеп тұр. Онда Бірыӊғай дистрибьютор арқылы барлық медициналық ұйымдар бойынша сатып алынған дәрілік заттардыӊ қалдықтары туралы қолжетімді ақпарат бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны