22.11.2012, 17:46 2788

Бірыңғай кедендік тариф енгізілуіне орай орташа сараланған баж 9,6 пайыздан 7,5-7,8 пайызға төмендейді

Бұл туралы бүгін Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесте Астана қаласы Кедендік бақылау департаментінің кедендік кірістер басқармасының өкілі Жасұлан Есмұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - Бірыңғай кедендік тариф енгізілуіне орай орташа сараланған баж 9,6 пайыздан 7,5-7,8 пайызға төмендейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесте Астана қаласы Кедендік бақылау департаментінің кедендік кірістер басқармасының өкілі Жасұлан Есмұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Бірыңғай кедендік тарифтің жаңа редакциясы Еуразиялық экономикалық комиссиямен шілде айында қабылданған болатын.

"Бұл ретте әкелінетін кедендік тариф шамамен 11 мың позицияның бір мыңға жуығына әсер етеді. Алдын ала есептеу бойынша Бірыңғай кедендік тарифтің жаңа редакциясына көшу барысында әкелінетін кедендік баждың орташа сараланған ставкасы 9,6 пайыздан 7,5-7,8 пайызға дейін төмендейді. Бұндағы әңгіме ең бірінші кезекте 2008-2009 жылдары дағдарыс кезеңінде көтерілген импорттық баждарға қайта оралу туралы болып отыр", - дейді Ж. Есмұханов.

Оның айтуынша, кедендік тарифтің ставкаларындағы өзгерістер негізінен азық-түлік пен тұтыну тауарларын қамтыған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны