21.04.2015, 17:20 3908

Бірінші тоқсанда Қазақстанда 5 534 тонна уран өндірілді

Соныӊ ішінде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясыныӊ еншілес және бағынышты кәсіпорындарын қоса есептегенде 2015 жылдыӊ I тоқсанында 2 898 тонна уран өндірген.

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасында 5 534 тонна уран өндірілді, аталған көрсеткіш жоспарға толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ныӊ баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Соныӊ ішінде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясыныӊ еншілес және бағынышты кәсіпорындарын қоса есептегенде 2015 жылдыӊ I тоқсанында 2 898 тонна уран өндірген.

"Бұдан бөлек, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС 2015 жылдыӊ қаӊтар-наурыз айларында Маӊғыстау облысы және Ақтау қаласыныӊ тұрғындары үшін 1 293, 5 млн кВт/сағат электр энергиясын, 1 184 мыӊ ГКал жылу энергиясын, 284 млн текше метр су, соныӊ ішінде 2,35 млн текше метр ауыз су өндірді. Бұл көрсеткіштер өӊірдіӊ қуат көздері мен суға болған сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті", - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ есепті кезеӊде өндірген бериллий өнімдері 404,054 тоннаны, тантал өнімдері - 30,08 тоннаны және ниобий өнімдері 14,672 тоннаны құрады. Ал "SARECO" бірлескен кәсіпорны 2015 жылдыӊ бірінші тоқсанында 67 тонна көлемінде сирек жер металдарыныӊ шоғырланған концентратын шығарған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны