13.04.2012, 10:34 3465

Бірінші вице-премьердің Алматы облысына жұмыс сапары жалғасуда

Бүгін С.Ахметов "Қорғас" Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен "Қорғас-"Шығыс қақпалары" Арнайы экономикалық аймағының құрылысын тексереді деп күтілуде.

Астана. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтың Алматы облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін С.Ахметов "Қорғас" Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен "Қорғас-"Шығыс қақпалары" Арнайы экономикалық аймағының құрылысын тексереді деп күтілуде.

С.Ахметов Нұркент кентіндегі тұрғын үйлер мее әлеуметтік маңыздағы нысандардың құрылысын бақылаудан өткізіп, "Жетіген-Қорғас" теміржол магистралінің ірі көліктік-логистикалық нүктесі болып табылатын Алтынкөл стансасына барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны