26.03.2013, 15:08 3798

Бірқатар функциялар орталықтан жергілікті атқарушы органдар деңгейіне беріледі

Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ибілқасымова мәлім етті.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Жергілікті өзін-өзі басқару заңына өзгертулер қабылдаған соң бірқатар функциялар орталық деңгейден жергілікті атқарушы органдардың деңгейіне берілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ибілқасымова мәлім етті.

"Заңмен орталықтан облыс деңгейіне мына функцияларды беру қарастырылған: Дін істері агенттігі аумақтық органдарының функциялары, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінен медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау функциясын, АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдарынан агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру функцияларын, тиісті куәлік бере отырып тұқымдардың сапасын сараптау бойынша зертханалар жүргізу", - деді М.Ибілқасымова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру, халықаралық қатынастар мен республика ішіндегі адамдарды тұрақты емес тасымалдауды лицензиялау функциялары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдардың еңбек инспекциясы саласындағы функцияларын Комитетті сақтай отырып тарату, аумақтық органдардың функциялары мен тиісті штат саны жергілікті атқарушы органдарға беру, сондай-ақ оралман, қоныс аударушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдау және оралмандардың көшіп келу квотасына қосылған оралмандарға бір жолғы жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға қаражат тағайындау функциясы берілетін болады.

Бұдан басқа, заңжобасымен БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің аумақтық органдардың функцияларын облыстық деңгейге беру көзделеді.

"Сондай-ақ, заңжобасымен орталық деңгейде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бағыттарда (жолдарда тексеру кезеңде) кейбір функцияларды, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы функцияларды беру көзделеді", - деп толықтырды ол.

М.Ибілқасымованың айтуынша облыстық деңгейден аудандық (қалалық) деңгейге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіру бойынша, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына арналған шығындар мен ата-аналар төлемдерін бекіту бойынша функциялар беріледі.

"Нәтижесінде селолық округ әкімдеріне салалық заң шығару актілерімен 66 функция бекітілетін болады", - деп қортындылады вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны