29.09.2008, 17:23 2998

Бірқатар облыстардың ІІД Жол полициясы басқармасының бастықтары кәсіби дайындық деңгейін айқындау мақсаттындағы аттестациядан өтпеді - ІІМ

Бірқатар облыстардың ІІД Жол полициясы басқармасының бастықтары кәсіби дайындық деңгейін айқындау мақсаттындағы аттестациядан өтпеді - ІІМ

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бірқатар облыстардың ІІД Жол полициясы басқармасының бастықтары кәсіби дайындық деңгейін айқындау мақсаттындағы аттестациядан өтпеді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығының директоры Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Аттестациялау қорытындысы бойынша Павлодар және ОҚО ІІД Жол полициясы басқармаларының бастықтарын жұмыстан босату туралы таныстыру жасалды. Сондай-ақ, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының ІІД жол полициясының жеке батальондарының командирлерін қызметтен босату ұйғарылды", - деді Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны