07.10.2009, 15:26 3077

Біртұтас кеден кодексінің жобасы мәжіліске қараша айында енгізіледі - Индустрия және сауда министрі

Біртұтас кеден кодексінің жобасы мәжіліске қараша айында енгізіледі - Индустрия және сауда министрі

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Біртұтас кеден кодексінің жобасы мәжіліске қараша айында енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біртұтас кеден кодексінің жобасын ҚР Қаржы министрлігі дайындап жатыр, менің білеуімше, қазір ол дайын болды, заң жобасы қараша айында мәжілістің қарауына ұсынылады",- деді министр.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарға 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы шеңберінде қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны