01.06.2015, 17:48 4012

Біржан Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394 қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394 қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрініӊ 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі қызметін атқарған Арғындықов Дәулет Рашидұлы "Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Президенті болып тағайындалды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны