28.09.2007, 13:52 2831

Бішкек қаласында Орта Азиядағы есірткі тасымалымен күрес жөніндегі Еурокомиссияның жаңа бағдарламаларының тұсау кесері өтті

Бішкек қаласында Орта Азиядағы есірткі тасымалымен күрес жөніндегі Еурокомиссияның жаңа бағдарламаларының тұсау кесері өтті

Бішкек. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бішкек қаласында 27 қыркүйек күні ашылған, Шекара қауіпсіздігі бойынша Орта Азия ынталылар тобы ұйымдастырған халықаралық конференция барысында Орта Азия республикаларындағы шекара режимдерін жетілдіру және аймақтағы есірткі тасымалымен күресті күшейтуге бағытталған Еурокомиссияның жаңа бағдарламаларының тұсау кесері өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Еурокомиссияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Өзіміздің тапсырмамызды біз қажетті инфрақұрылым құрудан, құрал-жабдықтар жеткізуден, шекарашыларды және құқық қорғау қызметкерлерін оқытудан көреміз. Нәтижесінде мұның барлығы аймақта тұрақтылықтың нығаюына, оның экономикалық дамуына көмектеседі", - деп атап өтті халықаралық кеңесші, Австрия федералдық Ішкі істер министрлігінің жауапты қызметкері Гюнтер Саблаттниг конференцияны ашу кезінде.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Еурокомиссияның жаңа бағдарламалары аталмыш бағыттар бойынша күш-жігерді ұлғайту, сондай-ақ, шекаралас аймақ саудасын дамыту, сауда коридорларын нығайту, Ауғанстаннан келген есірткі мен қару-жарақ тасымалы жолына қосымша кедергілер құруды қарастырады.

Конференцияға Орта Азия республикаларының шекара ведомстволарының жетекшілерімен қатар, жетекші еуропалық, америкалық және ресейлік сарапшылар қатысып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны