15.02.2010, 16:29 3159

Бішкек - Мәскеу пойызында Қырғызстан азаматынан 2,5 килограмм героин тәркіленді

Бішкек - Мәскеу пойызында Қырғызстан азаматынан 2,5 килограмм героин тәркіленді

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Бішкек - Мәскеу пойызында Қырғызстан азаматынан 2,5 килограмм героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен аптада "Мерке т.ж" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы Бішкек - Мәскеу пойызында Қырғызстан азаматын ұстады. Тексеру кезінде оның қол жүгінен жалпы салмағы 2,5 килограмм героин табылды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны