05.10.2006, 14:09 3126

Бішкек-Екатеринбург бағытында қатынайтын отарбаның жолсеріктерінен 4,5 килограмм гашиш тәркіленді

АЛМАТЫ. 5-қазан. Kazakhstan Today. Шекара қызметінің мамандары Жамбыл облысында Бішкек-Екатеринбург бағытында қатынайтын отарбаның жолсеріктерін ұстап, олардан 4,5 килограмм гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға "Мерке" бақылау-өткізу бекетінде болды. "Бішкек-Екатеринбург бағытында қатынайтын №305 отарбаның вагонының сыртқы бөлігіне тексеру жүргізген кезде оның бойлық жақтауынан иесіз жүк - үш полиэтилен дорба табылды. Дорбаларда 4,5 килограмм гашиш бар болып шықты".

Контрабандалық әрекетке қатысы бар деген күдікпен екі жолсерік ұсталды.

Қазір іс Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаментіне берілді.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Сарыағаш" бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар Мақтаарал аудандық тәртіп сақшыларымен бірлесіп мемлекеттік шекара арқылы 843 грамм марихуана салынған үш пластик бөтелкені алып өтуге талпынған Қазақстанның екі азаматын ұстады. Істің мән-жайын жергілікті полиция анықтап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны