08.01.2009, 16:11 2662

"Бішкек-Мәскеу" пойызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Қырғызстан азаматшасы ұсталды

"Бішкек-Мәскеу" пойызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Қырғызстан азаматшасы ұсталды

Алматы. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Бішкек-Мәскеу" пойызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Қырғызстан азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Меркі темір жолы" шекарадағы бақылау бөлімнің шекарашылар отряды 7-қаңтарда "Бішкек-Мәскеу" пойызында Қырғызстан азаматшасын ұстады. Оның қол жүгін тексеру кезінде шекарашылар алманың астына салынған 4 килограмнан астам гашишке ұқсас зат салынған екі пакет тапқан. Зат сараптамаға тексеруге жіберілді және бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны