16.09.2008, 14:41 1261

Бішкекте өлтірілген салық инспециясының бір инспекторы бұрын қылмыстық топтың белсенді мүшесі болған - Қырғызстан ІІМ

Бішкекте өлтірілген салық инспециясының бір инспекторы бұрын қылмыстық топтың белсенді мүшесі болған - Қырғызстан ІІМ

Бішкек. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан құқық қорғау органдарының пікірінше, Бішкекте өлтірілген салық инспециясының бір инспекторы бұрын қылмыстық топтың белсенді мүшесі болған, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13 қыркүйекте Бішкекте Л. Толстой және Т. Фрунзе көшелерінің қиылысында күндізгі сағат 1 шамасында белгісіз біреулер қара түсті "Мерседес-Бенц" көлігіне қаратып оқ жаубырған. Көлікте екі адам отырған, оның бірі Азамат Абдыкеев оқиға орнында жан тапсырды.

Таалайбек Табалдиев атты екіншісі ауыр жарақаттармен Бішкектегі бір аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Олардың Бішкек қалалық Ленин ауданы бойынша алым-салық жинау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төлемдерді жинау және бақылау басқармасының бөлімінде істейтіндігі мәлім болды.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары калибрі 9 мм-лік 4 оқ тапты. Ал көліктің тізгінінде отырған А. Абдыкеевтің иығынан калибрі 7,62 мм-лік оқ шықты.

Сондай-ақ, сауда орындарын тексеру жөніндегі 20 акт мен А. Абдыкеевтің атына жазылған әлдібіреуге $5 мың несиеге бергені жөніндегі қолхат пен 2 ұялы телефон табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны