16.09.2016, 11:17 4378

Бішкекте ТМД аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады

2016 жылдыӊ 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеӊесініӊ мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады.

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеӊесініӊ мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымныӊ сайты.

ТМД Мемлекет басшылары кеӊесініӊ отырысы күнніӊ екінші жартысында "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өтеді. Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерініӊ кеӊесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеӊесініӊ екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеӊейтілген отырыс Қырғызстан Республикасыныӊ Президенті Алмазбек Атамбаевтыӊ төрағалығымен өтеді.

ТМД атқарушы комитетініӊ ақпараттық-сараптамалық департаменті хабарлағандай, маӊызды жобаларға келесілер жатады:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ қатысушы елдері басшыларыныӊ ТМД-ныӊ 25 жылдығына орай мәлімдемесі.

Мәлімдеменіӊ жобасында ТМД 25 жылдық қызметініӊ қорытындысы шығарылады, атап айтсақ, Достастықтыӊ бірегейлігі мен әмбебаптығы, халықаралық қарым-қатынастағы маӊызды рөлі талқыланады. ТМД форматындағы ынтымақтастықты заманауи сын-қатерлерге қарсы бағыттау туралы ортақ шешімі айтылды.

- ТМД елдері басшыларыныӊ Нюрнберг процессі жұмысыныӊ аяқталуыныӊ 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі.

Нюрнберг трибуналы ірі саяси-құқықтық жетістікке айналып, заманауи халықаралық құқықты дамытуда маӊызды рөлге ие болды.

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ замануи жағдайға бейімделуі туралы құжат.

Жобада ТМД-ныӊ замануи жағдайларға бейімделуі бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралары қарастырылған.

Гуманитарлық салада өзара байланысты кеӊейту аясында бірқатар шешімдерді қарау жоспарланған: 2017 жылды Отбасы жылы етіп жариялау, 2018 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Мәдениет жылын деп жариялау, Изербайжан Республикаында "Достастықтыӊ мәдени астаналары" Мемлекетаралық бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыру туралы, "Достастықтыӊ мәдени астаналары" Мемлекетаралық бағдарламасы Қосымшасына өзгерістер енгізу туралы.

Экономикалық ынтымақтастықты тереӊдету және кеӊейту мақсатында бірқатар құжаттарды қарау жоспарланған: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылдыӊ халық санағын өткізу шешімі туралы жоба.

2020 жылға раундтық халық санағын өткізу Достастық елдеріне мемлекеттер арасында халық санағы туралы ақпарат алуға, демографиялық, этникалық, экономикалық және әлеуметтік қоғам құрылымы мен мемлекет пен өӊірдегі жағдай туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы өӊіраралық ынтымақтастық конвенция жобасын қарау жоспарланып отыр.

ТМД отырысында жаӊа қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады.

Отырысқа қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2017 жылғы төрағалық ету шешімі мен кезекті МБК отырысын өткізу орнын анықтайды.

Анықтама:ТМД-ға Қазақстан, Изербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина секілді 11 ел мүше. Достастық 1991 жылдыӊ 8 желтоқсанында құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны