28.09.2007, 16:23 3074

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы басталды

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы басталды

Бішкек. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өтеді",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшысы Николай Бордюжа, Ресейдің қорғаныс министрі - Анатолий Сердюков, Қазақстанның қорғаныс министрі - Даниал Ахметов, Тәжікстанның қорғаныс министрі - Шерали Хайруллоев, Беларусияның қорғаныс министрі - Леонид Мальцев, Арменияның қорғаныс министрі - Микаэль Арутюнян және Өзбекстанның қорғаныс министрі - Рустам Ниязов қатысады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта қорғаныс министрлері тар құрамда отырыс өткізуде, кейінірек кеңейтілген құрамда жұмыс істейтін болады. Бұрын хабарлағанымыздай, кездесуге қатысушылар әскери-экономикалық ынтымақтастық саласында 10-нан астам құжат жобасын талқылайды.

Сонымен қатар, бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесіне төрағалық етуді Беларусиядан Қырғызстанға беру салтанаты өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны