26.09.2007, 12:28 2558

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді


Бішкек. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Қырғызстанның астанасында 28-қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Іс-шаралар барысында тар және кеңейтілген құрамда отырыс өткізу жоспарланған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тар құрамда әскери мекемелердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мен Қорғаныс министрлерінің кеңесінің әскери ынтымақтастық саласындағы шешімдерінің орындалу нәтижесін қарастырып, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мемлекетаралық актілерінің жүзеге асырылуы жөніндегі жұмыстарға баға береді.

Сондай-ақ, қорғаныс министрлерінің жалпы отырысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымның бас хатшысының жыл сайынғы баяндамасы, ұйымның 2007 жылдың екінші жарты жылдығы мен 2008 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұйымдастыру іс-қызметінің басым бағыттары талқыланады, деп күтілуде.

Сондай-ақ, отырыс барысында қорғаныс мекемелерінің басшылары әскери ынтымақтастық саласындағы басқа да бірнеше құжаттарды талқылайды, деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны