06.08.2024, 19:35 66006

Биыл Қорғалжын қорығының көлдеріне 30 млн текше метрге жуық су жіберілді

Биыл филиалдың су қоймалары 100%-ға толды
Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы биыл Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының көлдеріне 30 млн текше метрге жуық су жіберді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Дүйсенбек Сыздықов мәлімдеді.

Биыл филиалдың су қоймалары 100%-ға толды. Бүгінгі таңда тұтынушылармен су беру жөнінде 41 келісімшарт жасалды. Егіс алқаптарын суаруға 2,6 млн текше метр, шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін 82,5 млн текше метр су берілді.

Бүгінде Шағалалы су қоймасы мен Кеңбидайк су торабы жөндеуден өтті. Сілеті су қоймасының қақпаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Астана су қоймасының түбін тазарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Астана су қоймасын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Филиалдың барлық су шаруашылығы нысандары штаттық кестеге сай жұмыс істейді, су тапшылығы байқалмайды", - деді Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры Дүйсенбек Сыздықов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны