29.01.2010, 17:27 2882

Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемдегі әртүрлілікті мойындайтын құрылымға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз - Назарбаев

Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемдегі әртүрлілікті мойындайтын құрылымға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз - Назарбаев

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын ХХІ ғасырдағы әлемдегі әртүрлілікті мойындайтын құрылымға айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан осынау қауіпсіздік саласындағы аса ықпалды ұйымға сенімділік, дәстүр, транспаренттілік және толеранттылық ұрандарымен төраға болады. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын ХХІ ғасырдағы әлемдегі әртүрлілікті мойындайтын құрылымға айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды ", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ына төрағалығы барысында Қазақстан өз байланыстарын нығайтып, қауіпсіздік мәселелерін шешу және ұйымның өзін дамыту бойынша консенсустық алаңды бекіте түспек ниетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны