05.02.2014, 21:18 3416

Біз экономика мен халықаралық саясаттың өзгеруіне дайын болуымыз керек - Мемлекет басшысы

Біз экономика мен халықаралық саясаттың өзгеруіне дайын болуымыз керек, деп ҚР Президенті Н.Назарбаев елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу барысында мәлімдеді.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Біз экономика мен халықаралық саясаттың өзгеруіне дайын болуымыз керек, деп ҚР Президенті Н.Назарбаев елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу барысында мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жаһандық экономиканың айналсоқ мінезін ұмытпауымыз керек. Өсу кезеңінен кейін құлдырау жүреді. Тарихта мұндай жағдайлар бірнеше рет болды. Қазақстан экономикамен қатар, әлем саясатында болатын қайталауларға дайын болу керек. Себебі, шарықтау кезеңінде кәуіпсіздік мәселесі ушыға түседі. Сонымен қатар, Ескі және Жаңа дәуір мемлекеттерінің әлеуметтік мәселесі шешілмеген тұста, ішкі шиеленіс қаупі аса зор болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Сириядағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Женева келіссөздерінің басталғанын құптап, оған сенім білдірді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан ирандық ядролық бағдарламаға қатысты халықаралық мәселені шешуге атсалысқан. Осы мақсатта Алматыда түйінді түйіткілдің түйінін тарқату үшін келіссөздердің екі раунды өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны