29.05.2014, 20:45 2989

Біз үшін экономикамыздың дамуы өте маңызды - Б.Сағынтаев

"ЕАЭО туралы Келісімде бірлестіктің бірлесе атқарған жұмысы тек экономикалық бағытта сипат алмақ. Ал елдің тәуелсіздігі, қорғаныс саласы секілді мемлекеттің өзіндік саясаты бұрынғысынша дербес түрде қала бермек", - деп мәлімдеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық одақтың тең экономикалық мақсатта құрылып жатқан ЕАЭО туралы Келісім құжатында анық көрсетілген, деп мәлімдеді бүгін ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ брифингінде.

"ЕАЭО туралы Келісімде бірлестіктің бірлесе атқарған жұмысы тек экономикалық бағытта сипат алмақ. Ал елдің тәуелсіздігі, қорғаныс саласы секілді мемлекеттің өзіндік саясаты бұрынғысынша дербес түрде қала бермек", - деп мәлімдеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

"Мемлекет басшыларының ЕАЭО құру туралы Келісімге қол қоюы кезіндегі айтқан сөздеріне қарайтын болсаңыздар, онда мемлекет басшылары одақтың тең экономикалық прагматизм негізінде жұмыс істейтінін байқайсыздар. Осы орайда аталмыш одақтан мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуы, капитал мен тауардың еркін айналымы секілді экономикалық пайдалардың аталытынын көресіздер. Бұның барлығы елдің ЖІӨ артуын мақсат етеді. Ал ЖІӨ артуы өз кезегінде халықтың әлеуметтік деңгейін көтермек", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны