22.07.2016, 17:25 4579

Бізде лаӊкестерге қарсы тұруға қажетті қаражат та, кадр да бар - Бас прокурор

Елімізде лаӊкестерге қарсы тұруға қажетті заӊ бар, қаражат пен кадр жеткілікті. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов ҚР Бас прокуратурасыныӊ 1-жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған кеӊейтiлген алқа мәжiлiсiнде мәлімдеді

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Елімізде лаӊкестерге қарсы тұруға қажетті заӊ бар, қаражат пен кадр жеткілікті. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов ҚР Бас прокуратурасыныӊ 1-жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған кеӊейтiлген алқа мәжiлiсiнде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бас прокурордыӊ пікірінше, әлем бүгінде жаһандық сын-қатерлерге тап болып отыр. Олардыӊ еӊ сорақысы - терроризм, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Бұрын сыртқы террористерден қауіптенетінбіз. Енді қауіп іштен. Елбасы террористердіӊ көзін жоюдағы полиция мен арнайы қызметтіӊ рөлін атап өтіп, халықтыӊ күш құрылымдарына деген қөзқарасын өзгертуге шақырды. Полиция күндіз де, түнде де ел тыныштығын күзетеді. Соққыны бірінші болып солар алады. Олар - өмірін қиюға дайын, ісіне берілген, адал жандар. Кейінгі бес жылда 144 полиция қызметкерінен айырылдық", - деді Бас прокурор.

Оныӊ айтуынша, терактілер - бұл әлемдегі № 1 қауіп. Күш құрылымдары террористерді анықтауға және оларды залалсыздандыруға бағдарланған. Оған заӊдар да, қаражат та, кадрлар да бар.

"Президент тәртіп орнату үшін еӊ ұтымды шаралар қолдануды тапсырды. Бірінші кезекте осы бағытта жұмыс істейміз. Халық бізге сенімді болуы тиіс. Олардыӊ өмірі, құқықтары, бостандықтары біздіӊ үнемі басты назарымызда болады. Азаматтарды, қоғамды және мемлекетті қорғау үшін не істеу керектігін біз білеміз", - деді Бас прокурор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны