20.02.2014, 18:58 5029

Біздің атауымыз бұрыннан "Қазақ елі" деп аталады - Р. Жүсіпова

"Біз әрқашан бізді атаған аймақта өмір сүрдік. Тарихи жағынан келгенде біз "Қазақстан" деп аталған жоқпыз, бұл кеңестік кезеңнің атағаны. "Қазақ елі" атауы біздің ұлттың болмысына сәйкес, сондай-ақ, әлемде алып отырған орнымыз бен көзқарасымызға да тікелей байланысты", - деді өнер қайраткері.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Тарих толқынына сүңгісек біз байырғы заманнан бастап "Қазақ елі" деп аталамыз. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне "Шежіре" өнер институтының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Роза Жүсіпова хабарлады.

"Атауды өзгерту идеясы маған ұнайды. Мен Президенттің ұсынысы бойынша және геосаяси ортаны зерттеп жүрген ғалымдардың пікірінше біздің ел осылай аталғанын қалар едім. Біздің ел қалай аталса да оның гүлденуіне үлес қосуымыз қажет", - деді Р. Жүсіпова.

Оның айтуынша, тарихта біз бұрыннан "Қазақ елі" деп аталамыз.

"Біз әрқашан бізді атаған аймақта өмір сүрдік. Тарихи жағынан келгенде біз "Қазақстан" деп аталған жоқпыз, бұл кеңестік кезеңнің атағаны. "Қазақ елі" атауы біздің ұлттың болмысына сәйкес, сондай-ақ, әлемде алып отырған орнымыз бен көзқарасымызға да тікелей байланысты", - деді өнер қайраткері.

Р. Жүсіпова айтқандай, "біз өзіміздің бағытымызды одан әрі дамытуымыз керек".

Айта кетейік, атауды өзгерту "стан" жалғау мен бұрынғы қалыптасқан жағымсыз пікірлерді жоюға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны