24.12.2009, 14:56 3071

Біздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуымыз да, татулығымыздың, бүкіл әлемге бейбіт өмірді ғана насихаттап, қауіпсіздікті сақтауға қосып келе жатқан сүбелі үлесіміздің нәтижесі - президент

Біздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуымыз да, татулығымыздың, бүкіл әлемге бейбіт өмірді ғана насихаттап, қауіпсіздікті сақтауға қосып келе жатқан сүбелі үлесіміздің нәтижесі - президент

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Арна Медиа" холдингі құрамына кіретін бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына сұхбат берген кезінде мәлім етті,деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Біздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуымыз да, татулығымыздың, бүкіл әлемге бейбіт өмірді ғана насихаттап, қауіпсіздікті сақтауға қосып келе жатқан сүбелі үлесіміздің нәтижесі.

Мемлекетіміз бүгінде тек экономикалық табыстарымен әлемді таң қалдырып жатқан жоқ. Ел ішіндегі татулық, толернаттылық пен шыдамдылықтық "қазақстандық үлгісі", қазір еліміздің брендіне айналды. Елбасының бастамасымен Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылып, оған ерекше мәртебе берілді. Қазақ жерін паналған жүздеген ұлт өкілдері Ассамблея төріне шығып, өз мәселелерін көтеріп, заңды түрде шешіп жатады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, "Біздің басты байлығымыз да, жетістігіміз де, өзгеден ерекшелігіміз бен артықшылығымыз да - тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекет екендігіміз. Біздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуымыз да, татулығымыздың, бүкіл әлемге бейбіт өмірді ғана насихаттап, қауіпсіздікті сақтауға қосып келе жатқан сүбелі үлесіміздің нәтижесі".

"Біздің жетістіктеріміздің бәрі соның арқасында. Қазақ, Қазақстанда ұйытқы болып отыр сол жұртқа. Аға болып отыр шынын айтсақ. Қамқоршы болып отыр. Соны төңірегіне жинай берсе, біз өз арамызда да, дүниежүзінде де абыройға ие боламыз",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны