11.09.2015, 12:41 27781

Біздіӊ Қазақстанымыз - ұлы істердіӊ ұйытқысы болған Ұлы дала елі

Біз тарихымыздыӊ жаӊа шамын жақтық. Біздіӊ бүгінгі және мәӊгі Қазақстанымыз - Ұлы Дала Елі, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында

Астана. 11 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Біз тарихымыздыӊ жаӊа шамын жақтық. Біздіӊ бүгінгі және мәӊгі Қазақстанымыз - Ұлы Дала Елі, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ қасиетті жерімізді ықылым замандардан бері Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланыӊ ұрпақтары деп атаған. Біз - солардыӊ жалғасымыз. Ұлы даланыӊ мұрагерлеріміз. Осынау кеӊ байтақ ұлы даланыӊ көгінде халқымыздыӊ бақ жұлдызы болып, жаӊа Қазақстан дүниеге келді. Біздіӊ Қазақстанымыз ұлы істердіӊ ұйытқысы болған Ұлы дала елі. Бұл -біздіӊ тағдырымыз. Бұл - біздіӊ таӊдауымыз. Мәӊгілік елімізде бейбітшілік пен береке бола берсін! Халқымыз аман болсын!", - деп аяқтады сөзін Елбасы Н.Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Біздіӊ отанымыздыӊ халықтық атауы Ұлы Дала Елі екенін Елбасы атап өтті.

"Ол біздіӊ Отанымыздыӊ өткені мен бүгінгісін, болашағын айшықтап тұр. Біздіӊ қазақстындық мінезіміз бен оныӊ негізгі ерекшеліктері: ашықтық, рухани байлық, жүректеріміздіӊ жылуы, қонақжайлылық, бейбітшілікті сүю, даналық пен еӊбексүйгіштік сынды қасиеттері көрініс тапқан. Бұл өз елініӊ болашағы үлкен болатынына деген сенім", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны