18.03.2010, 17:52 3327

Біздің міндетіміз - Оңтүстік Қазақстан облысын біздің еліміздің дамуының өсу нүктесі жасау - Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің міндетіміз - Оңтүстік Қазақстан облысын біздің еліміздің дамуының өсу нүктесі жасау - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Біздің міндетіміз - Оңтүстік Қазақстан облысын біздің еліміздің дамуының өсу нүктесі жасау . Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан президенті биылғы жылғы өңірлерге алғашқы сапарын көктем мен жаңарту мерекесі - Наурыз мейрамы қарсаңында бастады.

Мемлекет басшысы Арыс ауданын аралады. Мұнда Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары бағдарламасының басты оқиғасы - Көксарай су реттегішінің бірінші кезеңінің ашылу рәсімі өтті.

Осы ірі объектіні іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстағы қиындыққа қарамастан қолға алынған еді. Су қоймасының жобалық көлемі 3 миллиард текше метрді құрайды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін су деңгейі сақталып, Шардара су қоймасы арқылы су жіберуде апатсыз жағдай қамтамасыз етіледі. Көксарай су реттегішін салудың нәтижесінде Сырдария өзені бойындағы елді мекендерде су тасқыны қаупі жойылып, құрғақшылыққа қарсы тұруға мүмкіндік молаяды, жергілікті өңірдің экологиялық ахуалы жақсара түседі. Бұдан басқа, қыс мерзімінде таза су қоры жиналып, суғармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі.

Салтанатты іс-шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Көксарай су қоймасының ашылуы - Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қуатты серпін беретін ұзақ күткен әрі өмірлік маңызы зор оқиға екенін атап өтті. Бұдан басқа, өңірдің тұрғындарына су басып қалу қаупі төнбейді, ал облыстың агрокешені жаңа негізгі объектімен толықты, суресурстары қуаңшылық уақытта да жоғары өнім алуға нақты кепіл болады.

"Көксарай - біздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын іске асыруға жасаған бірінші қадамымыз. Менің осы ғаламат объектінің құрылысына атсалықан барлығыңызға үлкен ризашылығымды білдіргім келеді", - деді Н.Назарбаев.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына келіп, керамогранит өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Бұл жерде мемлекет басшысының қатысуымен жаңа өндірісті іске қосу салтанаты болып өтті. Одан кейін президент өндірістік циклмен танысып, еңбек ұжымының ахуалын сұрап-білді, дайын өнімнің рыноктык өтімділігіне назар аударды. Кәсіпорынның еңбек ұжымының өкілдерімен пікірлесу барысында жұмысшылар облыстың барлық тұрғындары атынан президентке барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізіп отырғаны үшін алғыстарын айтты.

Зауытты аралау барысында мемлекет басшысына сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының индустриялдық даму картасы таныстырылды.

Бұл күні президент облыстық филармонияның жаңа ғимаратында болып, өңірдің көрнекті зиялы қауым өкілдерімен және өнер қайраткерлерімен кездесті.

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын қорытындылай келе, президент өзінің бұл сапарын еліміз халқының 15 пайызы өмір сүріп жатқан өңірден бастағанын кездейсоқ емес екенін айтты. Мемлекет оның дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Соңғы 10 жылда облыстың бюджеті 11-ден 21-ге дейін, яғни 240 миллиард теңгеге дейін артты.

"Біздің міндетіміз - Оңтүстік Қазақстан облысын біздің еліміздің дамуының өсу нүктесі жасау. Бұл үшін барлық шара қабылдануда", - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Президент сондай-ақ Өзбекстанға ресми сапары табысты аяқталған соң Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келгенін еске салып өтті.

"Өзбекстан біздің жақын көршіміз және біз сенімді, тату және достық қарым-қатынастарды құрумыз керек. Бүгінде біз біріге отырып барлық мәселе бойынша келісімге қол жеткіздік. Орталық Азия өңіріндегі негізгі мәселенің бірі су-энергетикалық кешені мәселесі болып табылады. Біз бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек. Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан бірлесіп осы мәселені бірге шешетіні қуантады"-, деп атап өтті Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны