15.05.2009, 14:23 1745

Біздің ортақ мақсатымыз - 2015 жылға дейін жалпы экспорт көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесін 8%-ға дейін жеткізу - президент

Біздің ортақ мақсатымыз - 2015 жылға дейін жалпы экспорт көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесін 8%-ға дейін жеткізу - президент

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Біздің ортақ мақсатымыз - 2015 жылға дейін жалпы экспорт көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесін 8%-ға дейін жеткізу. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Аграрлық сала экономиканы және экспортты әртараптандыруға нақты үлесін қосады. Біздің ортақ мақсатымыз - 2015 жылға дейін жалпы экспорт көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесін 8%-ға дейін жеткізу", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бүгінгі күні ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында жалпы құны 150 млрд теңгені құрайтын 170 жоба жүзеге асырылуда, оның 96-сы биыл аяқталуға тиіс".

Мемлекет басшысының пікірінше, осы жобалардың есебінен таяу уақыттарда агроөнеркәсіптке кешеннің жалпы құны "кем дегенде 16%-ға өсіп, оның аясында жаңадан 10 мың жұмыс орны құрылуға тиіс", -деді президент.

"Біз бүкіл дүниежүзінде азық-түлік өнімдерінің бағасы мен оларға деген сұраныстың өсе түскенін ескере отырып, аграрлық секторды технологиямен қайта жарақтандыруға, кең ауқымды материалдық қамтамасыздыққа бетбұрыс жасауға тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, өткен бірнеше жыл қуатты аграрлық индустриялық базаның негізін қалауға сарп етілді. "Біздің ақша беруіміздің арқасында ауыл аяғынан тұрып, жаңа техникамен, технологиямен қаруланды. Қазақстан сөйтіп алғаш рет азықтық бидайдың ірі экспорттаушысына айналса, ұн бойынша тіпті бірінші орынға шықты", - деді Н. Назарбаев.

"Біз ірі ет бағытындағы мал бордақылау алаңдарын құра, бүгінде Латын Америкасынан миллиондаған тоннасын тасымалдап отырған Ресейге экологиялық таза бидайды сата аламыз, біз олардың жанында, жақынбыз", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны