20.03.2012, 10:38 3114

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына лизингтік келісімдерді субсидиялау тетігі енгізілетін болады

"Портфелдегі болжанып отырған лизингтік келісім көлемі 100 млрд. теңгеден асады", - деп мәлім етті Мирас Бейсембаев.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына лизингтік келісімдерді субсидиялау тетігі енгізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Портфелдегі болжанып отырған лизингтік келісім көлемі 100 млрд. теңгеден асады", - деп мәлім етті Мирас Бейсембаев.

Сонымен қатар М.Бейсембаевтың хабарлауынша, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына несиелерді кепілдендіру және субсидиялау бойынша экономиканың 11 секторын қосу көзделуде, бұл жобалар мен несие көлемдерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жаңа нормативтік актілердің қабылдануы аясында жобаларды келісу үрдісіне Экономикалық даму министрлігі қатыспайтын болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны