19.03.2012, 10:59 3266

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасяның аясында шағын және орта кәсіпкерлік несиелері бойынша берілетін кепілдемелер артатын болады

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына "жедел-кепілдеме беру" бағытын енгізу арқылы несие алушылар санын арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлады "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ департамент директоры Исламбек Қайырбеков.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасяның аясында шағын және орта кәсіпкерлік несиелері бойынша берілетін кепілдемелер артатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына "жедел-кепілдеме беру" бағытын енгізу арқылы несие алушылар санын арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлады "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ департамент директоры Исламбек Қайырбеков.

"Жедел кепілдеме беру" бағыты 5 күн ішінде жобаның "Даму" қорының талаптарына сәйкес келетіндігін тексереді", - деді И.Қайырбеков.

Сонымен қатар, өтініш беру тетіктерін өзгерту жоспарлануда. Жаңа тетіктер ең алдымен өтініштің "Даму" қорынан мақұлдануын, кейін аймақтық үйлестіру кеңесінің келісуінен өтуін көздейді. "Бұл жаңа тетіктер өтініш беру мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін еді", - деп атап өтті И.Қайырбеков.

Оның айтуынша, 2011 жылы "Даму" Қорына 37 жоба келіп түссі, 28 жоба бойынша 5,5 млрд. теңге сомасында кепілдеме келісімшарттары жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны