13.04.2010, 13:58 3036

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен үкімет арасында біртұтас үйлестіру кеңесі құрылды

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен үкімет арасында біртұтас үйлестіру кеңесі құрылды

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен үкімет арасында біртұтас үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кәсіпкерлер, ұйымдар мен үкімет арасында біртұтас үйлестіру кеңесі құрылды деген ақпараттан баршаңызды хабардар етейін деп едім", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаның аясында Қазақстанның барлық кәсіпкерлері мен бизнес-қауымдастықтары "біртұтас ұстаныммен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұсынытарымен шығуға тиіс".

Бұл кеңестің аясында бірнеше жұмыс тобы құрылған. Үкімет басшысының айтуынша, бір осындай жұмыс тобы "кәсіпкерлерге ахуалды түсіндіру бойынша Кедендік одаққа қатысты мәселеллермен шұғылданатын болады".

Кәрім Мәсімовтың айтуынша, келесі жылдан бастап "үкіметтің басты мақсаты - жоғары технологиялы өндірістер құруды қолдау болмақ".

ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, келесі жылдан бастап "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау көлемі үш есеге артады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны