10.09.2012, 17:53 3212

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы - баспасөз баяны

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту саясатын және оның инновациялық құрамдас бөлігін іске асырудың маңызды тетігі болып табылады.

"Бизнестің жол картасы- 2020" өңірлік кәсіпкерлікті қолдаудың нақты құралына айналды. Қазір 30 мыңнан астам кәсіпкерлер бағдарламаға қатысуда. Мемлекеттік қолдау шаралары арқылы 132 мың жұмыс орны сақталып, 19 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту саясатын және оның инновациялық құрамдас бөлігін іске асырудың маңызды тетігі болып табылады.

Қазіргі таңда Бағдарламаның 3 бағыты бойынша субсидиялауға жалпы несие сомасы 555,4 млрд теңге болатын 1904 өтінім мақұлданған, оның ішінде несиелер бойынша кепілдік беруге ӨҮК-мен жалпы сомасы 13,597 млрд теңгенің 71 өтінімі мақұлданған. Жалпы сомасы 11,688 млрд теңге болатын 50 Кепілдік Келісімшартына қол қойылды.

Бағдарлама бойынша 310 кәсіпорын үшін инвестициясының жалпы сомасы 52,0 млрд. теңгені құрайтын өндірістік инфрақұрылым құрылысы мен қайта құрылу іске асырылуда. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеке жоба ретінде де, сонымен қатар индустриялық аймақ шеңберінде де қарастыру болып табылады.

Бағдарламаның 4-ші "Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру" бағытының шеңберінде мынадай компоненттер жүзеге асырылады: кәсіпкерліктің негіздері бойынша екі күндік экспресс-курстар, сервистік қолдау, "Назарбаев Университеті" БАҚ бизнес-мектебінің базасында ШОБ топ-менеджментін оқыту және "Іскерлік байланыстар" жобасы.

2011 жылы 15 мыңнан астам тыңдаушы кәсіпкерліктің негіздері бойынша екі күндік экспресс-курстардан өтті. Үстіміздегі жылы аталған курстарда 1200 астам бастауыш кәсіпкерлер қатысуда. 2011 жылғы 10 мың кәсіпкерге 20 мыңнан астам сервистік қызметтер көрсетілген болатын, ағымдағы жылы кәсіпкерлерге 6 мыңның үстінде сервистік қызмет көрсетілді.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшыларына арналған "ШОБ топ-менеджментін оқыту" компоненті бойынша 2011 жылы жоғары және орта буын басшыларының 210 оқытылды. Биыл тағы да 210 кәсіпкер қосымша білім алды.

"Іскерлік байланыстар" шеңберінде Қазақстанда бизнес-тренингтер және шетелде сәйкес профилдегі кәсіпорындарда тағылымдамалар өткізіледі. Аталған компонент Германиямен (GIZ) және АҚШ-пен (USAID) бірлесіп жүзеге асырылуда. 2012 жылы 421 кәсіпкер оқуды аяқтады. "Іскерлік байланыстар" жобасының шеңберінде Келісімшарттардың жалпы соммасы 1 092 900 120 теңгені құрады.

Бағдарлама 2010 жылдың екінші жартысынан бері іске асырылып келеді. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің үйлесімді әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

Мәліметтер ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінен алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны