14.10.2011, 17:07 4228

Бизнестің жол картасы аясында жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіледі

Жарты жылдан бері бағдарламаны жүзеге асырудағы тәжірибе осы шаралардың мемлекеттік - жеке-меншік серіктестік қағидасымен жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың нақты құралы екендігін көрсетіп отыр.

Павлодар. 14-қазан. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында жоғары технологиялық және жоғары өндірістік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бизнес бастамаларын мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Жарты жылдан бері бағдарламаны жүзеге асырудағы тәжірибе осы шаралардың мемлекеттік - жеке-меншік серіктестік қағидасымен жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың нақты құралы екендігін көрсетіп отыр, деді Қ. Келімбетов бүгін Павлодарда өтіп жатқан "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына қатысушылардың форумында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны