07.05.2012, 10:18 3106

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында 3500-ден астам кәсіпкер біліктілігін арттырды

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Іскерлік қатынастар" төртінші бағыты аясында "ҚР экономика саласындағы менеджерлер мен басқарушы қызметкерлердің біліктілігін арттыру " оқыту курстары ашылған.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында 3500-ден астам кәсіпкер біліктілігін арттырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Іскерлік қатынастар" төртінші бағыты аясында "ҚР экономика саласындағы менеджерлер мен басқарушы қызметкерлердің біліктілігін арттыру " оқыту курстары ашылған.

Бағдарламаның ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Экономикалық даму және сауда министрілігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Бақытжан Саркеев курстардың ел экномикасы мен гүлденуінде алатын маңызды орнын тілге тиек етті. Еуропа мен жылпы әлем экономкасын алғанда, халықының басым бөлігі шағын және орта бизнеспен айналысатын елдерде дағдарыс әсері аса байқала қоймайтындығын және Қазақстан бұл елдердің тәжірибесін қолдану керектігін қосты.

"Кәсіпкерлер көптеген мәселелерге тап болады. Оның себебі - көп жағдайда бизнес басшыларының біліктілігі мен ақпаратты қолдану деңгейі тиісті дәрежеде бола беремейді. Олардың білімін арттырған күнде, кәсіпкерлер тексеруші органдар, заң мен мемлекет олардың жағында екендін және несие көздеріне бай мемлекеттік бағдарламалар туралы білетін болар еді", - деп өз ойын тарқатты Бақытжан Саркеев.

2005 жылдан бастап жүргізіліп жатқан курстар шеңберінде үстіміздегі жылы орта бизнестің 500-ге тарта жетекшісі біліктілігін арттырмақ. Олардың бір бөлігі бағдарламаның халықаралық бөліміне байланысты басқарушылық міндеттерін арттыру, халықаралық әріптестік орнату, технологиялар трансферті мақсатында Германия мен АҚШ елдерінің кәсіпорында тәжірибеден өтетін болады.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері экономика менеджері мен басқарушылық қызметі бойынша еліміз 3500-ден астам кәсіпкерді оқытып үлгерген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осы жылы бағдарлама жетекшілері 400-ден артық кәсіпкерді Германия мен АҚШ-қа тәжірибеден өтуге бағыттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны