09.09.2009, 17:31 3225

Бюджеттен бөлінген қомақты қаржы көлік және коммуникация нысандарының құрылысы кезінде талан-таражға салынуда - қаржы полициясы

Бюджеттен бөлінген қомақты қаржы көлік және коммуникация нысандарының құрылысы кезінде талан-таражға салынуда - қаржы полициясы

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бюджеттен бөлінген қомақты қаржы көлік және коммуникация нысандарының құрылысы кезінде талан-таражға салынуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

М.Жұманбайдың айтуынша, мәселен, "Батыс-Қазақстан облысында мүлкін тәркілеумен 5 жыл бас бостандығынан айыруға "Компания Бамус Сервис" ЖШС бұрынғы директоры Ж. Бабаев сотталды. Ол "Чапаево-Жаңақала-Сайхин" автокөлік жолын күрделі жөндеу кезінде 178 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражатты ұрлаған. Залал толық көлемде өндірілді".

Қаржы полициясының мәліметінше, қалалық желілерді құрылысы мен жөндеуіне бөлінген бюджет қаражаты қазынаны талан-таражға салушылардың теріс пиғылдарын оятуда.

"Павлодар облысында "Трас компани" ЖШС бас директоры қамауға алынды. Ол Павлодар қаласының бас коллекторын қайта құру бойынша атқарылған жұмыстарды жалған арттыру арқылы 118,5 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, М.Жұманбайдың хабарлауынша, Атырау облысында "НарынЭнергоГаз" ЖШС директоры сотқа тапсырылды. Ол Исатай ауданының елдімекендерін газдандыру жұмыстарын толық көлемде орындамаса да, атқарылған жұмыстар мен олардың құны туралы жалған актілер жасау арқылы 162 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлаған. Залал толық көлемде өтелді.

"Осы облыста 6 жыл бас бостандығынан айыруға "Барракуда" ЖШС директоры Г. Хайруллин сотталды. Ол атқарылған жұмыстардың жалған актілері арқылы Атырау қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 20,5 млн теңгені ұрлаған",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны