15.10.2012, 13:49 3121

БҚА "ҚТЖ" мен "АрселлорМиттал Теміртауға" қатысты тексеру жүргізуде

"Қазір біз 66 тексеру жұмысын жүргізіп жатырмыз, оның ішінде "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "АрселлорМиттал Теміртау" АҚ, "Еуроазиялық энергетикалық бірлестігі", "Екібастұз МАЭС" және басқалары бар. Тексеру жұмыстары аяқталған соң біз ақпаратты жариялайтын боламыз", - деді Ибдірахымов.

Астана. 15-қазан. Kazakhstan Today - БҚА "ҚТЖ" мен "АрселлорМиттал Теміртауға" қатысты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде Астанада өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов мәлімдеді.

"Қазір біз 66 тексеру жұмысын жүргізіп жатырмыз, оның ішінде "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "АрселлорМиттал Теміртау" АҚ, "Еуроазиялық энергетикалық бірлестігі", "Екібастұз МАЭС" және басқалары бар. Тексеру жұмыстары аяқталған соң біз ақпаратты жариялайтын боламыз", - деді Ибдірахымов.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұнымен қоса, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы атап өткендей, биылғы жылы бәсекелестікке қарсы әрекеттер фактісі бойынша мемлекеттік органдарға қатысты 14 тексеру жұмысы аяқталды, көп жағдайда бұл заңнаманы білмеу салдарынан орын алады.

"9 тексеру бойынша мемлекеттік органдарға қатысты әкімшілік іс қозғалды, тағы 5 тексеру бойынша монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзушылықты жою жөніндегі жарлықтар шығарылды", - деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны