02.07.2008, 16:16 1136

БҚО ІІД Оралдағы үйлердің аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақылау бейнекамераларын орната бастады

БҚО ІІД Оралдағы үйлердің аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақылау бейнекамераларын орната бастады

Орал. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облыстық ІІД Оралдағы үйлердің аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақылау бейнекамераларын орната бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі жағдаймен полицияның екі бөлімшесі бейнекамералармен жабдықталған. Камералар қала орталығындағы төрт аулада орнатылды. Жаңа жабдықтың көмегімен аумақтағы тәртіпке тәулік бойы бақылау жасалуда. Тәртіп сақшылары бұл жаңалық учаскелік полиция инспекторларының жұмысын біршама жеңілдетеді деген пікірде, ендігі жерде бақылау бейнекамераларымен жабдықталған үй аулаларындағы жағдайды нақты уақыт ахуалында полиция бөлімшесінде бақылап отыруға мүмкіндік туды. Бейнекамералар аумақтағы барлық қозғалысты автоматты түрде түсіріп алуға жол ашады, жазбалар мұрағатқа өткізіліп, бір ай бойы сақталады.

ІІД қаладағы барлық аулаларды осындай камералармен жабдықтауды жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны