21.02.2020, 21:50 8439

Болашақ сержанттар әскери тағылымдамадан өтті

Ағымдағы жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында болашақ сержанттар теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің командирі лауазымдарында екі жыл бойы меңгерген білімдерін сынады.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Болашақ сержанттар әскери тағылымдамадан өтті.

Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскері бригадасының базасында Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының 42 курсанты отыз күндік әскери дайындықтан өтті.

Ағымдағы жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында болашақ сержанттар теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің командирі лауазымдарында екі жыл бойы меңгерген білімдерін сынады.

Тағылымдама барысында кадеттердің моральдық-психологиялық жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу, практиканың басында курсанттардың кәсіби дайындық деңгейін тексеру мақсатында олармен үш күндік оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Жаттығу барысында курсанттар жауынгерлік дайындық пәндері бойынша бағаланды және осы көрсеткіштерге сүйене отырып, бөлімшелерге бекітілді.

Әскери бөлімдегі тәжірибелік жұмыстың алғашқы күндерінен бастап курсанттар бағынышты сарбаздарды басқарудағы ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленді. Болашақ сержанттар жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің қыр-сырын түсінуде жетекші бола отыра, біраз ақпаратпен бөлісіп әскери бөлімге жаңа серпін бере алды.

"Командирдің міндеттерін неғұрлым толық түсіну үшін курсанттар өздеріне сеніп тапсырылған қызметкерлермен бірге казармаға орналастырылды және күнделікті жауынгерлік дайындықтың барлық элементтерін өздері орындап отырды. Көбіне олар далалық жағдайда жеке құраммен сабақтар өткізді. Басты назар атыс жаттығуларын орындауға бөлінді", - деді 25744 әскери бөлімінің сержанты 2 сыныпты сержант Багдат Байсериков.

Олармен атыс қару түрлерінен: СВД, РПГ-7, БТР-82А қарулануынан және АКС-74-тен жаттығулар орындалды. Сонымен қатар, кадеттер бөлімше командирлерінің қарамағында жауынгерлік атысқа қатысып, жаттығу пункттерінде сабақ өткізді, ал кадеттер М. Эуезов, А Ласчеев, Асаубаев Б., өздері жеке бөлімше командирлері деңгейінде өздері дербес атыстарын сапалы өткізе алды.

Кадеттер үшін әскери тағылымдама Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нақты қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі болды. Енді жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз әскери қызметтерін Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің бірінде бастауға мүмкіндік алады.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны