19.06.2014, 20:06 6156

"Болашақ" бағдарламасы 2014 жылы 1100 стипендия бөледі - Ғ. Нығыметов

"Болашақ" бағдарламасы 2014 жылы 1100 стипендия бөледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. "Болашақ" бағдарламасы 2014 жылы 1100 стипендия бөледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.

"Келесі байқау 30 маусымнан 31 шілдеге дейін созылады. Тамыз айында комиссияның кезекті отырысын өткізіп, қосымша шәкіртақыны қарастыратын боламыз. Ағымдағы жылға 1100 стипендия бөлінген, қазір 218 шәкіртақы иесін тапты, 800 стипендия бос тұр", - деді ол.

Оның айтуынша, іріктеу кезеңіне бірқатар өзгерістер енді.

"Ағымдағы жылдан бастап, мәдениет, шығармашылық қызметкерлер, БАҚ өкілдері "Болашақ" арқылы магистратурада оқуға өтініш тапсыра алады. Оларға ағылшын тілін үйрену үшін АҚШ пен Ұлыбританияда дайындау курстары қарастырылған", - деді Ғ. Нығыметов.

Жалпы, оның айтуынша, ағымдағы жылдан бастап, ағылшын тілін білу дәрежесі 4 IELTS кем болмауы керек.

"Сондай-ақ, шетелдік ұйымдастырушыларға ЖОО қайта қарастырылды, демек, біз іс-тәжірибеге өз саласындағы үздік ұйымдарға жіберіледі. Ол АҚШ, Англияның жетекші мекемелері", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны