19.06.2014, 20:04 2896

"Болашақ" пен "Самұрық-Қазына" IТ саласында 100 маман дайындайды

" "Самұрық-Қазына" АҚ-мен ақпараттық технология саласында 100 маман дайындау бойынша бірлескен жоба дайындалуда", - дейді Ғ.Нығыматов.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. "Болашақ" бағдарламасы "Самұрық-Қазынамен" бірігіп IТ саласында 100 техникалық маман дайындайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.

"ҮИИД МБ аясында "Болашақ" бағдарламасы магистратура бағдарламасы мен тәжірибеге мамандарды бағыттайды. Бүгінгі таңда ол инженерлер мен техникалық кадрларды дайындауда кеңінен танымал. Қазірде 5 адам АҚШ-тың геологиялық мектептерінен тәжірибеден өтуде", - дейді Ғани Нығыметов.

Өздеріңізге де белгілі, қазіргі таңда Астанада геологиялық кластер құрылуда. Ғ.Нығыметовтың айтуынша, мұндай мамандар бізге қажет болады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сұранысымен 19 адам машина жасау саласында тәжірибеге аттанды.

"Олар кәсіпкерліктердің жұмыскерлері, Қазақстанның барлық дерлік машина жасау саласындағы кәсіпкерліктерінен жинақталған. Тағы 14 адам Германияда энергетикалық менеджмент бойынша білім алуда. Негізінен олар Қазақстандық кәсіпкерліктердің қызметкерлері", - дейді ол.

Қолға алынып жатқан бастамалардың бірі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

"ҰКП-мен біріккен жоба аясында техникалық бағыттағы шағын, орта және ірі кәсіпкерліктер қызметкерлерін жөнелту үшін өтініш тізімін құру қолға алынуда", - деді ол.

" "Самұрық-Қазына" АҚ-мен ақпараттық технология саласында 100 маман дайындау бойынша бірлескен жоба дайындалуда", - дейді Ғ.Нығыматов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны