14.05.2008, 15:08 1496

Болашақта шаруашылық субьектілеріне жас мамандарды жұмысқа қабылдау заң жүзінде міндеттеледі - Назарбаев

Болашақта шаруашылық субьектілеріне жас мамандарды жұмысқа қабылдау заң жүзінде міндеттеледі - Назарбаев

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болашақта шаруашылық субьектілеріне жас мамандарды жұмысқа қабылдау заң жүзінде міндеттелуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Елбасы бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Болашақта, меніңше, біз заңнамалық негізде, немесе, уағдаластық негізінде шетелдік немесе отандық әрбір компания белгілі бір сандағы жастарды жұмысқа қабылдауға міндеттеме алатындай жағдай жасауға тиіс секілдіміз", - деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты ол қазір "Қазақстан жастарының бер бөлігі екі қолға бір күрек таба алмай жүргенін" еске салды. "Бүгінде Қазақстанда өзгеше жағдай қалыптасып отыр, жастар арасындағы жұмыссыздықпен бірге ел экономикасының түрлі саласында, атап айтқанда, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және транспорт салаларында көптеген жұмысшы мамандардың айрықша тапшылығы біруақытта байқалуда", - деді президент.

"Бұл біздің білім беру жүйеміз бен үкіметтің саясатындағы кереғарлықтың кесірі, оны түзету керек", -деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты оның айтуынша, "үкімет біртіндеп техникалық кәсіптік білім беру сапасын жақсартып, жұмысшы мамандар мен қызметкерлерді дайындау жүйесін қалыптастырады". "Қазіргі бар кәсіптік мектептер, лицейлер мен колледждер тек модернизацияланып қана қоймай, нарық конъюнктурасы мен техникалық ілгерілеушілік жетістіктерін ескеру негізінде кәсіби білім берудің мән-маңызы жаңартылады", -деді президент.

"Барлық ірі трансұлттық компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік компанияларын қазір біз жастардың мамандық игеруі үшін арнаулы оқыту бөлімдерін құруға міндеттеп отырмыз. Жалпы алғанда 2011 жылы кәсіби техникалық білім игеру жүйесіне қамтылған жастардың саны 24%-ға артып, 750 мың адамды құрайды", -деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, "үкімет техникалық және жұмысшы мамандықтарға арнап бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемін біртіндеп ұлғайту, тапсырысты жеке меншік компаниялардың есебінен орындау, жеткілікті жатақханадар қорын құру, оқушыларды өндірістік білім шыңдауға міндетті түрде қамтуды қамтамасыз етеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны