13.01.2011, 14:54 3939

Болашақта тұрғын үй құрылысы мәселесі басты назарда болуы тиіс - Премьер-Министр

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді толығымен орындады. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Агенттіктің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді толығымен орындады. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Агенттіктің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, елімізде қазір пәтер мәселесі толғандырмайтын адам кемде-кем. Бұл еліміздің әрбір азаматының өміріне қатысты жайт. Сондықтан, аталмыш мәселеге қатысты әр азаматтың пікірі әртүрлі. Тұрғын үй құрылысы саласының дамуына 100 пайыз көңілі толатын азамат жоқ деуге болады. Сондықтан, осы саланың қызметіне сын айтушылардың да табылып жататыны заңды.

"Меніңше, құрылыс саласында үлкен дау-дамайлар туындаған кезеңді біз бастан өткердік. Сондықтан мен Агенттік өкілдеріне алғысымды білдіремін. Ирине, олар атқарған істерді жергілікті атқарушы органдардың көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін еместігі онсыз да түсінікті. Жалпы бізде қалыптасқан тұрғын үй проблемасы сонау Кеңес заманындағы 60-70 жылдардан басталады. Ол үйлер шамамен 20-25 жылға жоспарланған. Ал одан соң халық зәулім де, әдемі етіп салынған үйлерде тұратын болады деген жоспар болды. Бірақ заман өзінің талаптарын басқаша қойып отыр. Нәтижесінде, біздің бүгінгі тұрғын үй қорымыз негізінен сол уақытта салынған үйлерден тұрады",-деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, еліміз осыған дейін тұрғын үй мәселесімен терең әрі жан-жақты айналыса алмады. "Ал қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын дамыту, "Ауызсу" сияқты бағдарламалардың аясында қалыптасқан жайды біз кеңірек қарай бастадық. Президенттің тапсырмасы бойынша тұрғын үй саласына қажетті қаржы бюджетте қарастырылып та қойды. Енді бізге тек осы мәселемен мықтап айналысу қажет",- деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны