17.07.2026, 10:13 10316

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұл қызметті Серік Шәпкенов атқарған болатын.

Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылдың 9 сәуірінде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ол - қазақстандық мемлекет қайраткері, мұнай-газ саласының маманы және 2025 жылғы ақпаннан бері KAZENERGY қауымдастығының төрағасы.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар "Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын бағалау" және "Мұнай өндіру экономикасы" бағдарламалары бойынша білім алған.

Еңбек жолын банк саласында бастап, кейін "Қазақойл", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Қазына" және PSA компанияларында қызмет атқарған. Әр жылдары Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, Мұнай және газ вице-министрі, сондай-ақ Қазақстанның Энергетика вице-министрі болып қызмет атқарған. 2022 жылдың қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2023 жылғы сәуірге дейін атқарды. Кейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып, 2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының KAZENERGY қауымдастығын басқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны