26.06.2020, 20:08 9499

Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды

Болат Тілепов 1978 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan Today - Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Болат Анапияұлы Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Болат Тілепов 1978 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "саясаттанушы, саясаттану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2005 жылдары "Стратегия" талдау орталығы" қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары - Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі.

2008 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2008 жылдан 2013 жылға дейін - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2013-2014 жылдары - "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы.

2014-2015 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны