22.01.2014, 19:52 6025

Болатбек Қуандықов ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Жаңа Агенттік алдында тұтынушылар құқығын қорғау, тұтастай алғанда, отандық тауар өндірушілерді қорғау міндеті тұр. Басымдықтар қатарында тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды бақылау, өнімдер мен қызметтердің техникалық регламенттерін сақтауды қадағалау шаралары бар.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Үкіметі қаулысымен Болатбек Қуандықов ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау аенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР үкіметінің сайты.

Түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Агенттік ұжымына ведомствоның басшысын таныстырып, агенттік алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі.

"Жаңа Агенттік алдында тұтынушылар құқығын қорғау, тұтастай алғанда, отандық тауар өндірушілерді қорғау міндеті тұр. Басымдықтар қатарында тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды бақылау, өнімдер мен қызметтердің техникалық регламенттерін сақтауды қадағалау шаралары бар. Қысқа мерзімде тұтынушылар құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау қажет",-деп тапсырды С.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны