19.04.2013, 16:25 3367

Бостон марафонындағы жарылысқа қатысы бар күдікті қолға түсті

Бұған дейін белгілі болғандай, 18 сәуір күні кешке Бостон сыртында Кембриджде, Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) маңында белгісіз адам полиция қызметкерін атып кеткен. Осы оқиғадан кейін полиция күдіктілерді іздестіру жұмысын ұйымдастырып, оның ізіне түсті. Осы күні түн ортасында көрші Уотертаунда атыс болып, сол жерде жарыылыс дыбыстары естілгені хабарланған. Сондай-ақ MIT аумағында іске қослмай қалған жарылғыш заттар табылды.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Бостон сыртындағы Уотертаунның құқық қорғау органдары Бостон марафонындағы жарылысқа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тағы бір күдікті полициямен арада болған атыс кезінде қашып құтылған: іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, оқиға болған жер қоршауға алынды.

Бұған дейін белгілі болғандай, 18 сәуір күні кешке Бостон сыртында Кембриджде, Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) маңында белгісіз адам полиция қызметкерін атып кеткен. Осы оқиғадан кейін полиция күдіктілерді іздестіру жұмысын ұйымдастырып, оның ізіне түсті. Осы күні түн ортасында көрші Уотертаунда атыс болып, сол жерде жарыылыс дыбыстары естілгені хабарланған. Сондай-ақ MIT аумағында іске қослмай қалған жарылғыш заттар табылды.

CBS желісі жергілікті бөлімшесінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші күдіктіқолға түсіргеннен кейін оның сыбайласы Уотертаунмен көрші Ньютон қаласының аумағында ізін суытқан.

The Boston Globe басылымының хабарлауынша, Кембридждегі ауқымды қолға түсіру полиция операциясы Бостондағы жарылысты тергеуші ФТБ қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген. Соған қарамастан, Бюродағылар соңғы болған оқиғалар мен лаңкестік арасындағы байланысты дөп басып айта алмай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде жарты миллионға жуық халық тамашалауға келген Бостонда өткен жылсайынғы марафон мәресінде екі бірдей жарылыс болды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 180-нен астам адам жарақат алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны