05.09.2016, 15:45 3978

Бразилия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Бразилия Астана қаласында 2017 жылдыӊ 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бразилия Астана қаласында 2017 жылдыӊ 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Астаналық халықаралық көрмесінде Оӊтүстік Америка елін бразилиялық "Итайпу Бинасионал" компаниясы Бразилияныӊ Энергетика және тау кеӊ қазу өнеркәсібі министрлігініӊ координациясы астында ұсынатын болады.

Бразилия энергия шығару бойынша "жасыл" технологияларды белсенді түрде пайдаланатын елдердіӊ қатарына кіреді. Мемлекет жаӊғыртылатын энергия көздерін пайдалану мен өндіруде едәуір тәжірибесі бар, Бразилияда тұтынылатын энергияныӊ 45% және отынныӊ 18% жаӊғыртылады. Гидро, термоэлектрикалық, күн, жел және ядролық электр станцияларынан тұратын Бразилияныӊ энергетикалық кешені қоршаған ортаны корғау тұрғысынан қауіпсіз. Бразилия биологиялық отынды шығаратын әлемдегі еӊ заманауи технологиялары бар, мысалға этанолды қант құрағынан өндеу тиімді болып табылады, себебі ол еӊ арзан және экологияға зиянсыз.

Бразилияныӊ тәжірибесі қазбалар көздерін пайдаланудан жаӊғыртылатын энергия көздеріне ауысуға тырысып жүрген елдерді қызықтыруда.

Жақын арада күшіне енетін азаматтардыӊ Өзара визасыз сапары туралы Қазақстан мен Бразилия арасындағы 2016 жылғы 25 шілдеде қол қойылған Келісім ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттары бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және ЭКСПО көрмесіне Латын Американыӊ еӊ халқы көп елінен келушілерді тартуға ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны