17.04.2014, 19:59 3178

Бразилия мен Қазақстан бірігіп өткізетін бизнес-форум жағдайын талқылады

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақытжан Ордабаев Санта-Катарина Губернаторының шақыруымен осы штатта сапармен болды.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақытжан Ордабаев Санта-Катарина Губернаторының шақыруымен осы штатта сапармен болды.

Елшінің жұмыс іссапары шеңберінде Санта-Катарина штатының Губернаторы Раймундо Коломбомен және "FIESС" аймақтық өнеркәсіптік палатасының басшысы Глауко Жозе Кортемен кездесулер орын алды. Кездесулер барысында қазақстандық-бразилиялық екіжақты ынтымақтастық мүмкіншіліктері аясында бразилиялық тарап қазақстандық ауыл шаруашылық бизнес құрылымдарымен қарым-қатынас орнатуға, соның ішінде Бразилияға жоғары сапалы қазақстандық бидайдің импортына, ал өз кезегінде Қазақстан нарығына ет және құс шаруашылығы өнімдерінің және керамикадан жасалған бұйымдарды экспорттауға, ауылшаруашылық өнімдерді және таулы-металургия саласындағы технологиялармен қайта өндеу мүмкіндіктерінде тәжірибе алмасуға үлкен қызығушылықтарын танытты.

ҚР СІМ-нен хабарлағандай, Штат Губернаторы және "FIESP" аймақтық өнеркәсіптік палатасының басшысы, өз штатының Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты Қазақстанның ірі өнеркәсіп аймақтарының кәсіпкерлерімен ынтымақтастықты дамытуға үлкен ықыластықтарын білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанның тиісті бизнес құрылым өкілдерінің қатысуымен Флорианополис қаласында арнайы бизнес-форум ұйымдастыруға дайын екенін айтып жеткізді.

Cанта-Катарина штаты Бразилияның қарқынды дамып келе жатқан штаттарына жатады. Штаттың негізгі экономикалық салалары: ауыл шаруашылығы, тау кен және автомобилдік өнеркәсіптер. "FIESС" мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Санта-Қатарина штаты арасында екіжақты тауарайналым көлемі 2013 жылы 6,2 млн. АҚШ долларын құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны