08.04.2015, 19:34 3668

Брифингті Қарағанды облысыныӊ ІІД бастығыныӊ бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Болатұлы Омарбеков жүргізеді

Қарағанды облысы ІІД криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде, 25 ақпан күні Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарыныӊ біріндегі қоқыс жәшігінен табылған нәрестеніӊ өліміне байланысты күдіктіні Алматы қаласында қолға түсірді

Қарағанды. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы ІІД криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде, 25 ақпан күні Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарыныӊ біріндегі қоқыс жәшігінен табылған нәрестеніӊ өліміне байланысты күдіктіні Алматы қаласында қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған ер адамға іздеу жарияланып, оныӊ қайтыс болған ана мен баланыӊ туысы екендігі анықталған еді. Тергеу барысында күдікті өзара туындаған ұрыс-керіс кезінде нәресте мен оныӊ анасын өлтіріп, қылмыс ізін суытпақ ниетте әйелдіӊ мүрдесін жасырғанын мойындады. 8 сәуір күні жедел-тергеу тобымен мүрденіӊ жатқан жерін анықтап, сараптама жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, ҚР ҚК "адам өлтіру" 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Қарағанды облысы баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны