31.03.2009, 16:20 6825

"БТА Банктің" бұрынғы жетекшілерінің жеке мүлкі тұтқындалды

"БТА Банктің" бұрынғы жетекшілерінің жеке мүлкі тұтқындалды

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "БТА Банктің" бұрынғы жетекшілерінің жеке мүлкі тұтқындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тергеуші топ келтірілген шығынның орнын толтыру мақсатында айыпталушылардың, "БТА Банк" директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Аблязовтың аффилиирлік байланыстағы фирмаларының ұрлаған мүлкі мен жеке мүлкін анықтау үшін түбегейлі шаралар қолдануда. Қазіргі жағдаймен 1 млрд 287 млн астам теңгенің ақшалай мүлкі, сондай-ақ, $1 млн астам қаржы тұтқындалды", - деді С. Нұрпейісов.

"Бұған қоса VIP-салоны бар үш ұшақ, үш ғимарат, Алматы мен Алматы облысындағы элиталық аудандардағы 106 жер телімі, 86 қымбат пәтер, жер асты паркингтеріндегі 67 гараж, Алматының орталығындағы 5 кеңсе ғимараты мен 14 автокөлік тұтқындалды", - деді ол.

Оның хабарлауынша, 31 наурыздағы жағдаймен "іздеу жарияланған тұлғалармен қатар, қылмыстық іс бойынша "БТА Банктің" бірқатар қызметкерлері мен Аблязовтың заңсыз несие алу үшін құрған компанияларының директорлары айыпкерлер ретінде тартылды".

"Айыпкерлерден үш адам қамауда отыр. Басқа айыпталғандар тергеумен ынтымақтасып, іске қатысы бар басты тұлғалардың қылмысын әшкерелейтін жауаптар беруде. Сол себепті олардан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды", - деп мәлімдеді С. Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны